«Интеграциялық үдеріс аясында, әсіресе Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты шекаралас елдер - Ресей, Орталық Азия, Қытай, Үндістан, Иранның нарығына шығу үшін қазіргіден де жақсы жұмыс істеу тиіс. Көршілермен бәсекелес болуымыз керек. Бұл үшін жол да салдық. Сондай-ақ, біз Дүниежүзілік сауда ұйымына кірдік. Енді бүкіл әлеммен бәсекелес боламыз», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Нұрлы жол» және «Үдемелі-индустриалды инновациялық даму» бағдарламаларына арналған жалпыұлттық телекөпірді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 22:00-де көрсетеді.