Отандық өнімді дамыту керекпіз – Елбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнімді дамыту керекпіз – Елбасы

02.07.2015
Отандық өнімді дамыту керекпіз – Елбасы

«Біздің басқа елдерден өзіндік ерекшелігіміз болуы керек. Мысалы, Францияны әлем жұртшылығы жұпар иісті әтірлері мен сапалы шарабы арқылы таниды. Жапондықтар уылдырық жемейтін қазаққа шикі балық жегізді. Нидерланды қызғалдағымен танымал. Неге бізге де осы жөнінде ойланбасқа? 

Миланда өткен EXPO көрмесінде біздің аграрлар біркелілік апортты  таныстырды.  Көпшілік жасанды апорт па, деп жатты. Бір қарасаң, жай ғана алма. Бірақ, қазір әлем Қазақстан – алманың отаны екенін түсінді.

Бізде жаңалық, креативтілік деген жоқ. Алдымен, адамға идея келеді. Одан кейін барып материал жиналады.  Материал жиналған соң, іске кірісу қажет. Бізде талантты жастар өте көп. Біз – ұлы даланың ұрпағымыз.  Біздің бабаларымыз осы Ұлы далада өмір сүрді. Сондықтан, біз Қазақ елін әлемге жаңа брендпен танытуымыз қажет»,-деді Н.Назарбаев.

Телекөпірдің толық нұсқасын бүгін 22:00-де Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу