Көліктегі полицейлердің қатысуымен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 860 келіден астам есірткі заттары алынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктегі полицейлердің қатысуымен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 860 келіден астам есірткі заттары алынған

30.06.2015
Көліктегі полицейлердің қатысуымен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 860 келіден астам есірткі заттары алынған

Көліктегі Ішкі істер департаменті мамандарының қатысуымен жыл басынан бері нашақорлыққа қатысты 81 қылмыстық іс анықталып, заңсыз айналымнан 860 келіден астам түрлі есірткі заттары алынған. 

Бұл туралы Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Ақбаров мәлімдеді.

Департамент қызметкерлері «Көкнәр-2015» операциясы кезінде есірткіге қатысты 20 құқықбұзушылық, 3 есірткі қылмысын анықтап,  714 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.

Ерлан Ақбаров алдағы уақытта есірткі саудасының жолын кесуге бағытталған «Допинг», «Рубеж», «Канал» және т.б жедел-профилактикалық шаралардың өткізілетінін жеткізді.

Бүгінгі таңда Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында 28 топ  құрылған.

Аталған топтардың мақсаты - қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен теміржол вокзалы аумағында, сақтау қоймаларында, жүк бөлімдері мен «Қазпошта» бөлімшелерінде, халықаралық және жергілікті маңызы бар жолаушылар пойыздарындағы есірткі заттарын анықтау.

Хабарламаларға жазылу