Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай?

30.06.2015
Мемлекеттік Туға қойылатын талап қандай?

«Көк Тудың желбірегені

Жаныма қуат береді...». Осы өлең жолдарынан-ақ Мемлекеттік рәміздің мән-мағынасын, оған деген  құрметті байқауға болады. Ал, осы Мемлекеттік рәміздерге қойылатын талап қандай?

«Әр Мемлекеттік Тудің стандарты бар. Бірінші – өлшемі.  Мемлекеттік Тудың ені – 1  метр, ал, ұзындығы – 2 метр болуы керек.  Екінші стандарт – матасына қарай Тудың екі түрі бар. Габардин және политекс. Политекс сыртқа қолданылады , яғни, ғимараттардың төбесіне. Ал, габардин кабинеттің ішіне арналған»,-дейді маман Мергүл Түкенова.

Кестеленіп тігілетін Ту мекеме ішіне қойылады. Ал, басып шығарылатын политекс сыртқа ілуге арналған. Себебі, ол ауа райының қолайсыз жағдайларына шыдамды келеді. Сонымен қатар, дизайнерлер Туда қолданылатын түстің үлес салмағын да өлшеп жасайды.

Егер Мемлекеттік Ту жасатуға тапсырыс беретін болсаңыз, компанияның рәмізді дайындап, басып шығаруға мемлекет тарапынан рұқсат етілген құжаты, яғни, сертификаты болуы керек.

Мемлекеттік рәмізге қойылатын тағы қандай талаптар бар? Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу