Ақсүйек ақын Ахмед ибн Фахдлан махаббаты үшін жаза тартып, өркениетті Шығыстан тағылық жайлаған Солтүстікке, викингтер еліне жер аударылады.
Жергілікті ержүрек жауынгерлер жүрген жерін жалмап-жайпап келе жатқан адамжегіштердің құпия тайпасына қарсы соғысқа аттанғалы жатыр екен. Ежелгі наным бойынша аң тектес жауды тек 13 жауынгер ғана жеңе алады.
Тағдыр жазуымен дүлей тайпаға қарсы соғысқа он үшінші жауынгер болып, Ахмед ибн Фахдлан қосылады.
Режиссерлер Джон МакТирнан, Майкл Крайтонның «Он үшінші жауынгер» шытырман оқиғалы фильмін бүгін Ұлттық арнадан 22:25-те тамашалай аласыздар.