2015 жылдың басында екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық несие көлемі 2,52 триллион теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылдың басында екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық несие көлемі 2,52 триллион теңгеге жеткен

27.06.2015
2015 жылдың басында екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық несие көлемі 2,52 триллион теңгеге жеткен

2015 жылдың басында екінші деңгейлі банктердегі тұтынушылық несие көлемі 20 миллиардқа артып, 2,52 триллион теңгеге жетті. Осылайша, жылдық өсім 5,5 пайызды құрап отыр.  

«Хоум Кредит» банкінің өткен жылдың соңындағы қаржылық есебінің қорытындысы бойынша тұтынушылық несиесінің көлемі 113,9 миллиард теңгені құрады.

Екінші орында - «Kaspi» банкі - 668,5 миллиард теңге. Бұл көрсеткіш банктің қарыз портфелінің 76 пайызын құрайды. Ал, ForteBank-тің тұтынушылық несие көлемі жалпы қарыз көлемінің 57,9 пайызын құрап, 372,4 миллиард теңгеге жеткен. Банктің республика бойынша 19 филиалы, 39 елді мекенде 150 бөлімшесі бар.

Тұтынушылық несие көлемі бойынша төртінші орында - «Altyn Bank» - 30,5 миллиард теңге.

Еуразиялық банктің жылдық есебі бойынша жеке тұлғаларға берген қарыз көлемі 315,4 миллиард теңгені құрады, деп хабарлайды ranking.kz. 

Хабарламаларға жазылу