Поэзиясында елі мен жерінің тағдырына алаңдаған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулеттің оқырман жанын тебірентер, көкірегіне сәулесін себер жырлары жетерлік.
Ақын өлеңдері өмір туралы толғаныстарға толы. Сан қырлы әлеуметтік-қоғамдық тіршіліктің құбылыстары оның өлеңдерінде өзгеше өрнектеліп, ерекше сарында жазылған.
Ұлықбек Есдәулеттің «Көздеріңе ғашықпын», «Жұлдыз жарығы», «Алтайдың алтын тамыры», «Ұлыстың ұлы күні», «Ақ керуен», «Жаратылыс», «Жүректегі жарылыстар», «Заман-ай», «Киіз кітап», «Қара пима», «Ынтық зар», «Әбiлхаят» атты жыр кiтаптары, таңдамалы шығармаларының 2 томдығы, шығармалар жинағының 6 томдығы жарық көрген.
Өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танымал болған ақын шығармашылығы, кейбір өлеңдерінің танымал әнге айналуы, өмір туралы өзіндік ой-пікірлері, пайымы туралы толығырақ бүгін 21:00-де «Сенбілік кездесу» хабарынан біле аласыздар.