Руһани адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның ұстанымын, оның қоғам өмірін дәстүрлері мен қасиеттерін, бағдарларын айқындайды.
Жас ұрпақты руһани тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – кезек күттірмес мәселе. Мұндай тәрбие білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның руһани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде оң қарау керек, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың», деген сөз бар. Сол себепті, руһани тәрбиені бала кезден бастау керек.
Бүгін 12:40-та «Иман айнасы» хабарында Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсіл қонақта.