Қазақстан Елшісі Ержан Қазыханов Ирландияға жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Елшісі Ержан Қазыханов Ирландияға жұмыс сапарымен барды

25.06.2015
Қазақстан Елшісі Ержан Қазыханов Ирландияға  жұмыс сапарымен барды

22-24 маусым аралығында Қазақстан Елшісі Ержан Қазыханов Ирландияға  жұмыс сапарымен барып қайтты.

Сапардың мақсаты – Қазақстан және Ирландия ынтымақтастығын кеңейту, Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар тарту, бірлескен экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасау.

Сапар барысында Елші Е. Қазыханов Ирландия Президенті М. Хиггинске сенім грамотасын тапсырып, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сәлемін жеткізді.

Ирландия басшысымен кездесу кезінде Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы байланыстарды кеңейтудің және нығайтудың маңыздылығын атай келе, оларды екіжақты құқықтық базаны кеңейту арқылы іске асыруға болатындығына тоқталды. Ол екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың экономикалық және саяси әлеуетінің жоғары екендігін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде М. Хиггинс Қазақстанның Мемлекет басшысының жетекшілігімен қарқынды дамып келе жатқандығына, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтудағы рөліне жоғары баға берді. Сондай-ақ, Ирландия Президенті екіжақты тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігіне назар аударды.

Дублинге сапар аясында Елші Е. Қазыханов Ирландия Ауыл шаруашылығы министрі С. Ковенимен, Ирландия Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Н. Берджесспен және саяси директоры Б. Робинсонмен, Ирландия Парламенті халықаралық істер және сауда жөніндегі Біріккен комитетінің төрағасы П. Бринмен және Ирландияның іскер топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Е. Қазыханов ирландиялық саяси және іскер топтарды ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес реформамен және оларды жүзеге асыруға бағытталған 100 қадаммен таныстырды.

Ирландиялық компаниялар бірлескен экономикалық және инвестициялық жобаларды іске асыруға үлкен қызығушылық танытты.

Хабарламаларға жазылу