«Восход» кен орнындағы «Восход Ориел» ЖШС хром рудасын өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинаты бірнеше нысанды қамтиды: жерасты кеніш-шахтасы, байыту фабрикасы, теміржол терминалы және басқа да қосымша инфрақұрылымдық бөлімшелер.
«Восход» кен орнындағы хром рудасы әлем бойынша сапасы жоғары. Кен орнының қоры 19 миллион тонна руда, оның 48,5 пайызы – хром.
Өнім сыртқы нарыққа бағытталған. Кен орнында өндірілген хром концентратының 40 пайызы Ресей, Ұлыбританияға жіберіледі, қалған бөлігі өзге елдерге экспортталады.
Өндіріс орнының алдағы мақсаты қандай? Ел экономикасына қаншалықты пайда әкеліп отыр? Бүгін 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан көріңіз.