Түркістанда табиғи газ тарту жұмысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда табиғи газ тарту жұмысы басталды

25.06.2015
Түркістанда табиғи газ тарту жұмысы басталды

Қала көлемінде 7 мың абонентті қамтитын газ құрылысының 1-кезеңіне қажетті 1 млрд 237 млн теңгенің қазіргі 400 млн теңгесі қаралған. Осы қаржыға жалпы көлемі аталған аумақтағы 30-ға тарта көшеге табиғи газ құбыры тартылып, 600-ге жуық үй табиғи отынмен қамтылатын болмақ.

«Қала тұрғындары жұмыстарға түсіністікпен қарауы керек. Алдағы уақыттарда қала көшелері қазылып, құбырлар жүргізіледі. Әр үйдің алдынан жүргізілген газ құбырларынан жеке үйлердің иелері өз есептерінен газ кіргізетін болады», — дейді қала әкімі.

Мердігер мекеме «СМУ Шымкентқазмонтаж» АҚ өкілдерінің айтуынша, газ құбырлары көше бойымен әрбір тұрғын үйдің алдынан жүргізіледі. Аталған мекеме мамандары үйге газ кіргізу қызметін көрсетуге әзір.

 

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Хабарламаларға жазылу