Жастар театры «Сахнадан сәлем!» фестиваліне «Ақымақ болған басым-ай» комедиясын тарту етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар театры «Сахнадан сәлем!» фестиваліне «Ақымақ болған басым-ай» комедиясын тарту етеді

25.06.2015
Жастар театры «Сахнадан сәлем!» фестиваліне «Ақымақ болған басым-ай» комедиясын тарту етеді

Астана күні мерекесіне орай  жыл сайын өткізілетін III халықаралық  «Сахнадан сәлем!» фестиваліне Жастар театры Ж.Б. Мольердің  «Ақымақ болған басым-ай» комедиясын тарту етеді. Осыған орай ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, актер, ұстаз,  Астана қаласы Жастар театрының режиссері  Бекболат Құрманғожаев  және Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Ғани Құлжанов   бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

«Ақымақ болған басым-ай» комедиясы  әлемдік  драматургияның ең таңдаулы шығармаларының бірі. Бұл – классикалық комедия. Театрға, актерлердің өсуіне керек дүние. Шығарманы таңдай білген де дұрыс»,-дейді Бекболат Құрманғожаев.

Соңғы  кездері театр сахнасынан көрінбей кеткен Ғани Құлжанов бұл турасында: «Оның бір себебі, біраз уақыт Жастар театрының директоры болдым. 26 маусым күні «Ақымақ болған басым-ай» қойылымында ойнаймын. Жалпы, мен араға төрт жыл салып театр сахнасына қайта оралдым. Сәл қобалжу бар. Себебі,  сахна – киелі»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу