Қазақстан Журналистер одағы шығармашылық конкурсты қорытындылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Журналистер одағы шығармашылық конкурсты қорытындылады

25.06.2015
Қазақстан Журналистер одағы шығармашылық конкурсты қорытындылады

Қазақстан Журналистер одағының басқармасы үздік жұмыстарға республикалық шығармашылық конкурстың қорытындыларын шығарды.

2015 жылғы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы лауреаттарының атағы БАҚ қызметкерлеріне төмендегі номинациялар бойынша берілді:

Репортерлік жұмыс – Биқожаева Сәрсенкүлге, Қызылордадағы «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы; Козина Викторияға, «Аргументы и факты –Казахстан» газетінің тілшісі – қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткені үшін.

Экономикалық шолу – Киндоп Игорьге, Христиан Альбрехт атындағы Киль университетінің магистранты – Қазақстанның қаржылық-экономикалық дамуы жөніндегі сараптамалық материалдары үшін.

Саяси шолу – Еділқызы Ләйлаға, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі – Қазақстан қоғамының діни тағаттылығы жөніндегі материалдар циклі үшін; Фиронова Валентинаға, «Казахстанская правда» республикалық газеті құқық бөлімінің шолушысы – Қазақстанның сот жүйесінің дамуы жөніндегі өзекті жарияланымдары үшін.

Ізденіс материалы – Жанділдина Татьянаға, Сәбитова Әлфияға, Қазақ радиосының журналистері – елдегі неміс және татар этностары өкілдерінің рухани бірлігі жөніндегі айрықша материалдары үшін.

Телевизиялық жұмыс – Әбілдина Әйгерімге, тележүргізуші – «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» телебағдарламасын ұйымдастырғаны үшін; Сейдеш Жадыраға, журналист – КТК телеарнасындағы «Жүрекжарды» бағдарламаларының циклі үшін.

Зерттеу жұмысы – оңтүстікқазақстандық «Айғақ» телеарнасының шығармашылық ұжымына (президенті Дулат Әбіш) және «Қазақстан» РТРК АҚ (төрайымы Нұржан Мұхамеджанова) – Жеңістің 70 жылдығына арналған майдандағы қазақстандықтардың тағдыры жөніндегі зерттеу материалдары үшін.

Ғылыми-көпшілік жұмыс – Құрманғалиев Кәрімбекке, «Қазақ өркениеті» журналының бас редакторы – қазақ өркениетінің қалыптасуы және дамуы жөніндегі материалдар сериясы үшін; Тоқсанбай Сүлейменге, ­«Орысша-қазақша үлкен экономикалық сөздігінің» авторы-құрастырушысы.

Медиа-жоба – Ақбаров Әлімжанға, бас редактор – «Дружные ребята» газетінің беттерінде өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелегені үшін. Мұстафин Санжарға, бас директор – «Гәкку» телеарнасында қазақстандық эстрада антологиясын жасаудағы шығармашылық ізденісі үшін.

Фототелешеберлік – Акчурин Шухратқа, Нүсіпбеков Болатқа, телеоператорлар – республикалық телеарналарда қазақстандықтардың көркем образдарын жасағаны үшін.

Қазақстан Журналистер одағы мен «Казинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлімовтің атын­дағы сыйлықпен Қазақстанның ақпараттық қызметін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін «Дат» медиажобасының жетекшісі Бапи Ермұратты марапаттады.

Қазақстан журналистикасының ардагерлері Айтбаева Априза, Арғымбайұлы Жұмаш, «Литер» газетінің Астанадағы фототілшісі Мағзұмов Советбек, «Ақ Жайық» өңіраралық газетінің бас директоры Мұқашев Әбділда, «Казахстанская правда» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Рыжкова Наталья Қазақстанның Құрметті журналистері атанды.

Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Қызайбекұлы Сәрсенбекті марапаттады.

Бейбіт Құсанбек атындағы жас телепублицистер үшін жеке сыйлығымен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының продюсері Асылбекова Жаңыл марапатталды.

Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзді қолдағаны және журналистермен өзара түсіністігі үшін: Байбатыров Серіктің – Қазақстанның Соттары одағы төрағасының, Баталов Амандықтың – Алматы облысы әкімінің, Жәмішев Болаттың – Қазақстанның Даму банкі басшысының, Жұмағалиев Асқардың – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқармасы төрағасының, Жұмағұлов Айбатырдың – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасы төрағасының, Зарудна Натальяның – ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы офисі басшысының, Самек Властимилдың – БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті өкілінің, Свиридов Андрейдің – Адам құқығы және заңды сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының интернет-сайты редакторының қызметтері атап өтілді.

«Қаламгер Медиа» баспа орталығының директоры Әшімжан Жанарбек, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сұлтанов Қуаныш, «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Харченко Сергей, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Шаштайұлы Жұмабай Қазақстанның Журналистика академиясына мүше болды.

Хабарламаларға жазылу