«Құсни хат» бейнелеу өнері туралы білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Құсни хат» бейнелеу өнері туралы білесіз бе?

24.06.2015
«Құсни хат» бейнелеу өнері туралы білесіз бе?

Бейнелеу өнерінің сан алуан түрі бар. Соның бірі – калиграфия. Оны қазақша «құсни хат» дейді. «Құсни» сөзі – көркем деген мағынаны білдіреді. Яғни, құсни хат – көркем жазу өнері. Ақмейір Керімұлы туындыларын  араб әліпбиі негізінде жасап, ұлттық ою-өрнектермен ұштастырып жүр.

Ол былтыр Алматыда жеке көрмесін өткізіп, 200-ден астам авторлық еңбегін халық назарына ұсынған. Шебердің өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан.  Ол бейнелеу өнеріне бала кезден бейім болған екен. Алайда, бір күні Құран жазуларының көркемдігіне қызығып, қағазға көшіре бастаған.

Құсни хатты сиясы жайылмайтын, оңайлықпен өшпейтін қаламмен сызады. Ең басты ерекшелігі сол - қағазға бір түскен жазуды түзетуге болмайды. Шебер енді шәкірт тәрбиелегісі келеді.  «Талантты жастар табылса, білгенімді бүгіп қалмай, тегін-ақ үйретемін»,-дейді өзі.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу