Маңғыстау облысының Астанадағы мәдениет күндері аясында елордаға келген ансамбль мүшесі Марат Сафаров: «Мәдени шараға «Ақжарма» фольклорлық ансамблімен қатар, Абыл Тарақұлы атындағы оркестр келді. Сондай-ақ, ақын Оңайгүл Тұржанованың және күйші Сержан Шәкірат ағамыздың екі бірдей шығармашылық кеші өтті.
Бүгін Конгресс-Холл сахнасында Гала-концерт бермекпіз. Онда Айгүл Қосанова, Тамара Асар, ағайынды Асқар, Асанәлі Көшеровтер, «Қазақстан дауысының» жеңімпазы Бауыржан Ретбаев және т.б. өнерпаздар өнер көрсетеді. Ал, 26 маусым күні Павлодар өңірінде жыршы-термешілермен бірге жеке концерт бермекпіз»,-дейді Марат Сафаров.
«Ақжарма» фольклорлық ансамблі 1992 жылы құрылған. Көптеген фестивальдарға қытысып, шетелге де сапарлап қайтқан. 2006 жылы Маңғыстауда «Каспий – достық теңізі» атты фестивальде бас жүлдеге ие болған ансамбль. Құрамында Асанәлі Көшеров, Кәмшат Ізтілеуова, Айдана Жолдасбаева сынды жеке әншілер де бар».
Марат Сафаровтың орындауындағы «Қаратаудың бойында» әнін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.