Отандық туризм қалай дамуда? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық туризм қалай дамуда?

24.06.2015
Отандық туризм қалай дамуда?

Қазақ жерінде көз сүйсінетін, табиғаты таңғажайып керемет жерлер жетерлік. Суы мың бір ауруға  шипа Алакөл аймағы, көрікті Көлсай, Шарын шатқалы, Баянауыл, Қарқаралы, Бурабай, Іле Алатауындағы Түрген, Маралдысай, Алма-Арасан, тізе берсе түгесілмейді.

Ал, осы көрікті жерлерді ірі туристік өңірге айналдырса, туризм саласындағы  бәсекелестік те артып, сапалық көрсеткіштерінің артуына жағдай туары сөзсіз. Соның нәтижесінде отандық туризм саласы шетелден турист тартатындай қабілетке ие болар еді.

Отандық туризм дамуындағы негізгі проблемалар қандай? Сарапшы мамандар не дейді? «Қазақстандағы туризм қымбат» деген пікір қаншалықты шындыққа жанасады?

Бүгін бұл мәселе «Әйел бақыты» хабарында талқыға салынбақ.

Хабарламаларға жазылу