Отандық өнімдерді тұтынасыз ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өнімдерді тұтынасыз ба?

23.06.2015
Отандық өнімдерді тұтынасыз ба?

Бүгінде «мемлекет асырасын» деп емес, тиімді табыс көзін тауып, отандық шикізаттан сұранысқа ие өнім шығарып отырған жандар баршылық. Қолынан іс келетін әр адам барынша кәсіп ашуға тырмысып бағуда. Бұған билік тарапынан қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың да көмегі орасан.

Күнделікті өмірде  азық-түлік пен тұрмыстық заттарды таңдауда ел азаматтарының отандық өнімдерді көптеп алу арқылы да «Қазақстанда жасалған» брендін насихаттауға болады. Әр тұтынушы керегін отандық өнімнен алса, бұл – оның ел экономикасына қосқан тамшыдай үлесі болмақ.

Жалпы, сіз «Қазақстанда жасалған» өнімдерді қолданасыз ба? Шетелдік өнімдерден артықшылығы бар ма?

Тиыннан теңге жасай білген жандардың құпиясын бүгін 15:00-де «Әйел бақытынан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу