Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын Сағатбек Медеубек және «Фото өнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта.
Жуырда журналистика факультеті мен «Фото өнер» қоғамдық бірлестігі фотожурналистердің экспедициясын ұйымдастырды. Осы шараға тоқталған Сағатбек Медеубек:
«Біздің факультет тек фотожурналистерді ғана дайындамайды. Сонымен қатар, газет-журнал журналистері өз алдына, радио-тележурналистері, баспа ісі, қоғаммен байланыс, дизайн мамандығы бар.
Бұл мамандықтарды теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибемен де ұштастыра отырып дайындау қолға алынғалы бері біраз белесті бағындырып келеміз. Оның бір дәлелі факультет жанынан «Фотопублицистер клубы» ашылған. Бұған мұрындық болған Асылхан Әбдірайымұлы. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай фотоэкспедиция ұйымдастырудағы мақсат – шәкірттердің шеберлігін шыңдау»,-дейді.
«Бүгінгі заманның талабы – ақпаратты жылдам беру. Ал, фотосурет мейлінше мол ақпарат береді. Сол себепті интернет саласына, ақпарат агенттіктеріне кәсіби мамандар қажет. Мұндай фотоэкспедицияның пайдасы зор. Себебі, бұл – тәжірибе алмасуға өте ыңғайлы»,-дейді Асылхан Әбдірайымұлы.
Толығырақ – «Таңшолпанда».