Еңбек мигранттарын бақылап отырмыз ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек мигранттарын бақылап отырмыз ба?

23.06.2015
Еңбек мигранттарын бақылап отырмыз ба?

Бүгінде жұмыссыздық мәселесі дүниені уысында ұстап тұр. Жұмыссыздардың көпшілігі – өз елінен «екі қолға бір күрек» таба алмай, өзге елден нәпақа іздеп келген мигранттар.

Бір қиыны, олар­дың тарапынан жасалатын заң­бұзу­шы­лықтар да басым. Бірі елде болу мерзімін сақтамаса, енді бірі Көші-қон полициясында тіркелмеген құжаттарды пайдаланады. Ал, келесілері заңсыз еңбек қызметіне араласу, тіркелген мекенжайда тұрмау сынды заңға қайшы әрекеттерге барады.

Ел тыныштығын бұзған әрекеттер қатарында шетел азаматтарының қолтаңбасы көп­теп қалып жатыр. Мұны құзырлы ме­кемелерінің дерегі де растауда.

Жалпы, еңбек мигранттарын қалай бақылауға алуға болады? Бұл мәселеде біздің елдегі көші-қон саясатының қандай шара қолданғаны жөн? Бүгін 13:10-да «Алаң» ток-шоуынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу