Ұлт денсаулығын нығайтуда бұқаралық спорттың алатын орны ерекше. Себебі, ауыл спорты дамымай, ел спортының дамуы екіталай. Соңғы уақыттары үлкен спортта биік белестерді бағындырған ұландарымыздың жеңісі халықты қанаттандыра түскені анық.
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында да халық денсаулығын нығайтудың нақты қадамдары мен жолдары көрсеткені белгілі.
Ауылда жүрген талант көп. Бірақ, өкінішке қарай, жанбай жатып сөніп жатқан дарындар одан да көп. Бұған бірден бір себеп – спортпен айналысуға жағдайдың жоқтығы.
Бірінде жаттығатын орын, енді бірінде құрал-жабдық, тағысын тағылар – қолбайлау. Дегенмен, «спортпен айналысамын, табысқа жетемін», деген жасқа бұл тізілгендер себеп бола алмаса керек-ті.
Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ыбырайымов, Октябрь Жарылғапов сияқты шаң кешіп өсіп, шыңдарға шыққан таланттардың қатары бүгінде неге аз? Әлде ауыл балалары жігерсіз бе? Олар спорттың қатал сындарына шыдай алмай ма?
Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайды» көріңіз.