1944 жыл. Беларусь. Маусым айының бас кезі. Кеңес әскері «Багратион» атты соғыс операциясын сәтті аяқтады. 150 мың неміс солдаты мен офицері тұтқынға түсті.
Алайда, оған көбісі сенбеді. Тіпті, Кеңес әскерінің бас қолбасшысының өзі «Бұл мүмкін емес жағдай. Егер 150 мың неміс әскері шынымен тұтқында болса, оларды Мәскеудің орталық алаңынан жүріп өткіземіз»,-деген.
Құпия түрде барлық неміс тұтқындарын Мәскеуге алып келіп, орталық «Динамо» стадионына, ал, қалғанын үлкен ипподромға орналастырады.
Мәскеу қаласының орталығы. 17 маусым. Бір қызығы, жергілікті тұрғындар неміс тұтқындарының шеруі болатынын бір сағат қалғанда естиді. Болып жатқан айтулы күнді тарихта қалдыру мақсатында барлығын бастан-аяқ бейнекамераға түсіру бұйырылды.
Шерудің алғы шебін неміс генералдары мен командирлері бастап жүрді. Генерал лейтенант Мюллер 4-ші әскери армияны басқарды. Оның әскері Минск түбінде тұтқындалды.
Генерал майор Адольф Хаман «нағыз қанішер» деген лақап атқа ие. Он мыңнан аса адам Адольфтың кесірінен қорлықпен қаза тапқан.
Гитлердің қолынан бірнеше мәрте марапат алған генерал майор - Готфрид Генрих фон Эрмансдорф. Осы секілді неміс әскерінің басшылары мен қатардағы жауынгерлері орталық алаңнан жүріп өтті.
Бес сағатқа созылған шеру туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.