«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері БАҚ өкілдері арасындағы жарыста жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері БАҚ өкілдері арасындағы жарыста жеңімпаз атанды

21.06.2015
«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері БАҚ өкілдері арасындағы жарыста жеңімпаз атанды

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай елордадағы «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында «Асығың алшысынан түссін!» атты жарыс өтті.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының атынан шыққан әріптесіміз, «Шалқар» ұлттық радиосының журналисі  Айнұр Шамшейтова қыздар арасында ұйымдастырылған «Бес асық» ойынынан ІІІ орын иеленді.

Жалпы, жарыста 8 команда бақ сынасты.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Астана» телеарнасы, «Егемен Қазақстан» АҚ, «Казахстанская правда» газеті, «ҚазАқпарат» ХАА», «Бас редакторлар клубы» және Орталық коммуникациялар қызметінің құрама командалары көпшілік алдында ептіліктері мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете білді.

Әріптесімізді жеңісімен және кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу