Қазақстан дәрігерлерінің жетістіктері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан дәрігерлерінің жетістіктері

20.06.2015
Қазақстан дәрігерлерінің жетістіктері

Аз ғана уақыт ішінде Қазақ елінің қаншалықты ілгері басқаны медицина жаңалықтарынан да білуге болады. Өйткені, бүгінде ауылдан бастап қалаға дейін медицина мекемелері заманауи технологиялармен жабдықталған.

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша дайындалған «Са­ла­матты Қазақ­стан» мемлекеттік бағ­дар­ламасы жү­зеге асы­рылуда. Денсаулық сақтау жүйесі тұрақты дамып келеді.

Жас мамандар, ғалымдар шетелдегі алдыңғы қатарлы білім ордаларында тәжірибеден өтіп, әріптестерімен байланыс орнатып, нәтижелі жұмыс істеуде. Қазір тек қана Астанада ғана емес, жүрекке ота жасау облыс орталықтарындағы кардиологиялық ауруханаларда да жүзеге асуда.

Медицина саласының дамуындағы 20 жыл ішіндегі жетістіктері туралы бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу