Қазақстандағы ең ірі жылыжай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы ең ірі жылыжай

18.06.2015
Қазақстандағы ең ірі жылыжай

«Аделя» - Қазақстандағы ең ірі жылыжай шаруашылық қожалығы. Алғашқы уақытта Голландиядан агрономдарды шақыру қажеттілігі де болған. Жылыжай кешені үшін агроном табу қиындықтар да туғызды. Кәсіпорын басшылары колледж түлектеріне көңіл бөліп, жылыжайда көкөніс өсіру тәсілдерін білетін студенттерді оқу бітірген соң жұмысқа алып, өз мамандарын даярлап шығарды.

Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған «Аделя» жылыжай кешенінің өндірістік қуаты жылына 6 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Кәсіпорында шамамен 200 жаңа жұмыс орны құрылған.

Жылыжай кешенін басқару толығымен автоматтандырылған. Нысан француздық «Rishel» компаниясының заманауи жабдықтарымен жабдықталған. 

Кәсіпорынның бүгінгі тынысы, алдағы мақсаты туралы толығырақ бүгін 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу