«Singer» тігін мәшинесі қалай шықты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Singer» тігін мәшинесі қалай шықты?

18.06.2015
«Singer» тігін мәшинесі қалай шықты?

«Singer» деген жазуы бар тігін мәшинесі көпшілікке жақсы таныс. Тіпті, кейбір үйде бұл құрылғы әлі күнге дейін іске жарамды. Ал, сіз, осы тігін мәшинесін тентектікпен аты шығып, екі сөздің басын құрап жаза алмайтын Исаак Зингер есімді азамат ойлап тапты дегенге сенер ме едіңіз?

Отбасының кенжесі болған Зингер 12 жасында үйінен қашып кетеді. Жасы 20-ға толғанда ағашпен айналысатын зауытқа жұмысқа орналасып, алғаш рет ағаш өңдейтін машина ойлап табады. Енді ол күллі Нью-Йоркті аузына қарату үшін Джорд Зибер және Филипс үшеуі бірлесіп, ерекше тігін машинасын жасауға кіріседі.

Дәл осы кезде Исаак Зингер қулыққа салып, адвокат жалдап, тәуелсіз өнертапқыш атанғысы келеді. Зингердің бұл ойы да жүзеге асып, даңқы артып, оның тігін машиналарын Америка ғана емес, Еуропа сатып ала бастайды. Сөйтіп, 1870 жылы АҚШ-та «Зингер» фирмасы кең етек жаяды.

1900 жылы Ресейдің  Подольск қаласында «Зингер» зауыты ашылды. Соңында тігін мәшинесі біздің Қазақстанға жетті.

Тігін мәшинесінің ең алғашқы нұсқасын Зингерден бұрын кім ұсынған? «Таңшолпаннан» біліңіз.

Хабарламаларға жазылу