Елордада «Жаһандық трендтердегі Орталық Азия» атты халықаралық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Жаһандық трендтердегі Орталық Азия» атты халықаралық конференция өтеді

17.06.2015
Елордада «Жаһандық трендтердегі  Орталық Азия» атты халықаралық конференция өтеді

18 маусым күні Астанада Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Ф.Эберт қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Жаһандық трендтердегі Орталық Азия» атты халықаралық конференция өтеді.

Шараға  Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Ресей, Қытай, Иран, Ұлыбритания, АҚШ және Түркия елдерінің сарапшылары қатыспақшы.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, елімізде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері шақырылған.

Сарапшылар форумының негізгі мақсаты - әлемдік саясат пен экономикаға тереңірек үңілу. 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу