Ақмола облысында «Кредиттік серіктестіктердің дамуы мен келешегі» атты аймақтық конференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында «Кредиттік серіктестіктердің дамуы мен келешегі» атты аймақтық конференция өтеді

17.06.2015
Ақмола облысында «Кредиттік серіктестіктердің дамуы мен келешегі» атты аймақтық конференция өтеді

19 маусым  күні Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный ауылындағы «А.И.Бараев атындағы бидай ғылыми өнеркәсіп орталығы» ЖШС-інде «Кредиттік серіктестіктердің дамуы мен келешегі» атты аймақтық конференция өтеді.

Шараға депутаттар, әкімдік жетекшілері мен мамандары, облыстық басқару ісінің өкілдері, «Даму» қорының, лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері, сондай-ақ, аудандық ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатыспақ.

Айта кетейік, кредит серіктестігі - 2001 жылы «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ арқылы мемлекеттің қолдауымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін төмен пайызды несиемен қамтамасыз ету мақсатында ауылдық жерлерде құрыла бастады.

Қазіргі кезде Қазақстанда 170-ке жуық кредиттік серіктестіктер мен 11 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің басын қосады.

Олардың 82 пайызы - шаруа қожалықтары, 10 пайызы - жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 8 пайызы - өзге де санаттағы ұйымдар.

Кердиттік серіктестіктер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және «Аграрлы несие корпарациясы» АҚ  бірлесе отырып, «Ауылдық кредиттік серіктестер қызметкерлерінің біліктілігін арттыру» жобасын қолға алуда. 

Жобаның мақсаты - ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қаржы құралдарын белсенді пайдалануы үшін несие серіктестерінің қызметтік рөлін күшейту. 

 

Хабарламаларға жазылу