Кредиттік серіктестік қызметкерлерінің конференциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кредиттік серіктестік қызметкерлерінің конференциясы өтеді

15.06.2015
Кредиттік серіктестік қызметкерлерінің конференциясы өтеді

18 маусым күні Ақмола облысы, Шортанды ауданында Ақмола облысындағы Кредиттік серіктестік қызметкерлерінің конференциясы өтеді.  Конференцияға депутаттар, әкімдік жетекшілері мен мамандары, облыстық басқару ісі, холдинг, корпорация өкілдері қатыспақ.

Сонымен қатар, «Даму» қорының, лизингтік компаниялар мен халықаралық қаржы институттары, екінші деңгейлі банк өкілдері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері, басқарма төрағалары мен осы салада еңбек етіп жүрген мамандар қатыспақ.

Курста «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестер Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Басқарма төрағасы Төлеутай Рақымбеков Кредиттік серіктестестіктердің жетекшілерімен кездесіп, кредиттік серіктестердің проблемалары мен даму стратегиясына қатысты мәселелерді талқылайды.

Жобаның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы тауарөндірушілерге мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан қаржы қорын тиімді пайдалану үшін несие серіктестерінің рөлін күшейту.

Хабарламаларға жазылу