«Бала жетіге келгенше, жерден жеті рет таяқ жейді» деген сөзді көнекөз қарияларымыз бекер айтпаса керек-ті. Ойын баласы болған соң бүлдіршіндер құлайды, жарақаттанады. Сол жарақаттың аса ауыр бір түрі – бас сүйегі мен мидың зақымдануы.
Дәрігерлер бас сүйегі мен мидың жарақаттарын ашық және жабық жарақат деп екіге бөліп қарастырады.
Ашық жарақат дегеніміз – бұл бастың жұмсақ тіні, ұлпаларының тұтастығының бұзылуы, сүйектің ашық сынуы және мидың қатты қабығының зақымдануы.
Жабық бас-ми жарақаты – тері жамылғылары мен кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылмай зақымдану.
Әдетте, баланың тамағы, іші ауырса, ата-ана білген ем-домын үйде-ақ жасай береді. Алайда, бала құлап, соның салдарынан басын жарса, не істеу керек екенін білмей, абыржиды.
Бас-сүйек немесе ми жарақаты кезінде жедел жәрдем келгенше көрсетілетін алғашқы жәрдем туралы бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан біле аласыздар.