Республика бойынша трансформатор жасайтын бірден бір зауыт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша трансформатор жасайтын бірден бір зауыт

11.06.2015
Республика бойынша трансформатор жасайтын бірден бір зауыт

«Кентау трансформатор зауыты» жұмыс істегелі елу жылдан асты. Зауыт өнімдерінің 30 пайызға дейінгі көлемі Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ауғанстан мен Ресейге шығарылады.

Соңғы 5 жыл ішінде кәсіпорын бірнеше жаңа өндірісті іске қосты, жаңа цехтар салды, өнімнің жаңа түрлері игерілді. Соның бір ғана мысалы,  қуаты 63 000 кВт дейінгі, кернеуі 10-35-110 кВт болатын трансформатар өндіретін аумағы 7 мың шаршы метрлік цех салынды. Онда жыл сайын 300 миллион  теңгенің өнімі өндіріледі.

Қаланың барлық шағынаудандарын электрмен қамтамасыз ете алатын алып трансформаторды жасап шығарған өндіріс орны жас мамандарды да өздерінде даярлайды. Зауыттың еншісіндегі политехникалық колледждің студенттері дуальді оқыту жүйесі арқылы іс-тәжірибеге көптеп қатыстырылады.

Бүгін 19:10-да  «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан зауыттың тыныс-тіршілігі туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу