Әлемдегі ерекше ғимараттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ерекше ғимараттар

11.06.2015
Әлемдегі ерекше ғимараттар

Қытайдың Шанхай қаласында әлемдегі ең биік ғимараттың бірі ашылды. Шанхайдың Пудун ауданындағы бұл биік үйдің ұзындығы  ұшар басындағы сүмбімен қоса есептегенде – 632 метр.

Алып мұнараның құрылысы былтыр аяқталғанымен әлі бірде бір саяхатшы мұнда аяқ баспаған болатын. Аспанмен астасқан үйдің 120-шы қабатына көтеріліп, Шанхайдың кереметін биіктен көруге болады.

Бұл  мұнара әлемде Бурдж Халифа мен Токиодағы «Аспан ағашынан» кейін үшінші орында. Бұған дейін Қытайдағы ең биік ғимарат Шанхайдағы Дүниежүзілік қаржы орталығы болған еді.

Ал, Дубай жаһанды тағы бір таңғалдырды. Бұл жолы олар ерекше сәулет туындысын ұсынды. Жаңадан ашылған нысан сақина тәріздес екі ғимараттан тұрады. Олардың бірі  судың бетіне шығып тұрса, екіншісі теңіз деңгейінен 18 метр төменде орналасқан.

Суасты қонақүйінде 220-дан астам бөлме бар. Құрылысқа 500 миллион АҚШ доллары жұмсалған. «Water Discus» деп аталатын қонақүйге арнайы жерасты пойызымен жетуге болады. Онда тынығу бөлмелері, мейрамхана, SPA-орталықтар, сән салоны мен теңіздегі тіршілік иелерін зерттейтін лаборатория жұмыс істейді.

Ерекше ғимараттардың басқа да қызықтарын толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу