«Bala Turkvizyon-2015» байқауында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын өнерпаздың есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Bala Turkvizyon-2015» байқауында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын өнерпаздың есімі белгілі болды

10.06.2015
«Bala Turkvizyon-2015» байқауында Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын өнерпаздың есімі белгілі болды

«Bala Turkvizyon-2015» халықаралық балалар байқауының Өскемен қаласында өткен іріктеуінде Семей қаласының 12 жастағы тұрғыны Рашида Ұзыханова топ жарды.

Енді ол  Астана қаласында өтетін финалда Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды. Жас өнерпаз бұған дейін де көптеген республикалық, халықаралық байқауға қатысқан.

Кеншілер Мәдениет сарайында өткен іріктеуге Глубоковское, Тарбағатай, Зыряновск ауылы, Аягөз қаласы, Өскемен қаласы мен Риддер, Семей қалаларының жас таланттары бақ сынасты. Кастингке Шығыс Қазақстан облысынан 157 өнерпаз қатысты.

Айта кетейік, іріктеуді әнші Санда мен оның  Иван Бреусов пен продюсер Эрик Тастамбеков сынды өнер жұлдыздарынан құралған тобы өткізді.

Байқаудың кезекті іріктеуі 13 маусым күні Павлодар қаласының «Достық» концерт залында өтпек. 

Хабарламаларға жазылу