Ғалия Аюпова: Егер біз арзандыққа бой алдырмасақ, отыз елдің көшбасшысы боламыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалия Аюпова: Егер біз арзандыққа бой алдырмасақ, отыз елдің көшбасшысы боламыз

10.06.2015
Ғалия Аюпова: Егер біз арзандыққа бой алдырмасақ, отыз елдің көшбасшысы боламыз

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының маңызына тоқталған Ғалия Аюпова: «Қандай қадам болса да, алғашқы қадамнан басталады. Ол адамның өмірі сияқты. Сәби де алғашқы қадамын басқан соң, ары қарай өседі, өнеді, дамиды.

Ал, алғашқының мәңгілік болуы – кез келген халыққа сынақ. Озық 30 елдің қатарына қосыламыз деген мақсатымыз бар. Егер біздің руһани діңгегіміз мықты, руһани өреміз биік болса, арзандыққа бой алдырмасақ, отыз елдің көшбасшысы боламыз»,- дейді.

Отбасылық тәрбие, ер мен әйелдің отбасындағы орны, қыз баланың тәрбиесі туралы әңгіме өрбіткен Ғалия Қайдауылқызы: «Ғұламалардан қалған бір сөз бар «Отыңның басынан таппаған бақытты, бүкіл әлемнен іздесең де, таба алмайсың», деген.

Небір-небір көсем, шешен, айтулы азаматтарымыз жарты әлемді шарлап, өзін көрсетіп келіп, еліне, отының басына жеткенде тауы шағылмаса, ол шын мәнінде – біртуар. Жер басып жүрген әрбір азаматтың тегі бар және біз келер ұрпақтың тегі болып есептелеміз.  «Атаңа лағнет дегізбе, тегіңе тіл тигізбе», дейді халық даналығы. Сондықтан, шалыс қадам басуға еш қахың жоқ»,- дейді.

«Әйелдің әйел болып жаратылуының өзі – сынақ. Кім және қанша жаста болсаң да, ең алдымен жүрегіңде аналық мейірім, аналық қамқорлық  болады. Едіреңдеу – әйелге тән емес. Жаратушы әйелдің нәзіктігі үшін оны ер адамға сыйлатқан.

Егер әйел екі бүйірін таянып, тепсініп сөйлесе, біріншіден, ердің мысы басылады, екіншіден, өзінің бәсі түседі. Әйел табиғатынан айырылып қалады. Ал, ерден сес кетсе, әйелден ізет, баладан бас кетеді. Сондықтан, азаматтарды азаматтық деңгейіне көтеретін мәселені көтеруіміз керек».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу