Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділік мәселесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділік мәселесі

10.06.2015
Балалардың компьютерлік ойындарға тәуелділік мәселесі

Компьютерлік ойындардың зияны туралы айтылып-ақ келеді. Алайда, бұған мән беріп жатқан ата-ана жоқ. Керісінше, күн өткен сайын балалардың аталған ойындарға деген тәуелділігі артып барады.  

Мәселен, дәрігерлер мен психологтардың пікірінше, теледидар мен компьютерлік ойындардың бала санасына тигізетін зияны шаш-етектен. Яғни, тапжылмай ұзақ уақыт көгілдір экран алдында отыру, біріншіден, баланың ой-өрісінің дамуын шектесе, екіншіден, оның мінез-құлқының өзгеруіне әсер етеді.  Себебі, ол баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндік бермейді.

Жалпы, балалардың компьютерлік ойындарға қызығушылығы 3-4 жасынан басталады. Бірақ, мұндай кезде баланы компьютерге жақындатуға  мүлде болмайды. Бала 7 жастан асқаннан кейін ғана аптасына бір рет және аз уақыт компьютерге үйреткеніңіз жөн.

Ал, бесінші сыныптан кейін оқушының компьютерлік ойындарға деген қызығушылығы  қатты байқалады. Әсіресе, осы уақытта жуас, өз ортасынан бөлек жүретін балалар компьютерлік ойындардың тұтқынына айналуы мүмкін.

Мұндай тәуелділіктің алдын алу үшін не істеу керек? Ата-ана компьютерлік ойындардың зиянын біле тұра, бұл жағдайға селқос қарауының себебі неде? Бүгін 19:10-да  «Журналистік зерттеу» хабарында осы мәселе қаралмақ.

Хабарламаларға жазылу