7 маусымда, түнгі сағат 00:13-де Қарағанды қаласының Республика даңғылында мотоцикл жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде.
Ал, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 30 жастағы азаматша облыстық медицина орталығына жеткізілген.
Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасы жол-көлік оқиғасын көрген куәгерлерге 8 (721) 241-81-90; 41-84-47 байланыс нөмірі арқылы ІІД әкімшілік полиция басқармасының іздеу бөліміне хабарласуын сұрайды.