Алматыда «Энергия тиімді Қазақстан» атты республикалық форум өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Энергия тиімді Қазақстан» атты республикалық форум өтті

06.06.2015
Алматыда «Энергия тиімді Қазақстан» атты республикалық форум өтті

Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру мәселелерін жан-жақты талқылау.

Форум жұмысына ҚР Парламент Мәжіліснің депутаттары, ҚР министрліктері мен құрылымдық мекемелерінің, жергілікті атқарушы органдарының, салалық қоғамдық ұйымдардың, бизнестің, БАҚ өкілдері, кондоминиум объектілерін басқарушылар (ПИК, басқарушы компаниялар) мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Форум аясында отандық және халықаралық сарапшылар энергия тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстары мен жобалары көрсетілді.

Сонымен қатар, энергия тиімділікті арттыру бағытындағы заңнамалық актілерді жетілдіру, энергия тиімді құрылыс, энергия тиімді жарықтандыру, ТКШ-ны басқару, энергосервистік компанияларды енгізу мәселелері де талқыланған.

Хабарламаларға жазылу