«Поэзия әлемі» хабарында – Динара Мәлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемі» хабарында – Динара Мәлік

06.06.2015
«Поэзия әлемі» хабарында – Динара Мәлік

«Динара – әйел сезімін батыл жаза алатын, бүкпесіз ақын. Мен Динараның махаббат жырларынан шығыс пен батыс әйелінің образдарын қатар көремін. Өмірдің әр сәтінде кездесетін сезім сергелдеңін шынайы жаза білетіндігі үшін де құрметтеймін»,-дейді ақын Асылзат Арыстанбек.

«Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2011 жылғы өткен әдеби конкурстың «Алтын қалам» иегері, Халықаралық «Махаббат жырлары» мүшәйрасының І орын иегері, ақын Динара Мәлік бүгінде көпшіліктің, әсіресе қыз-келіншектердің сүйіп оқитын ақынына  айналды.

Жырлары сезімді тербейтін, лирик ақынның шығармашылығы мен өмірі туралы толығырақ бүгін 13:45-те «Поэзия әлемі» хабарынан біле аласыздар.
 

Хабарламаларға жазылу