Дені сау, ақыл-ойы толық азамат халқы үшін еңбек етуді, үлкен биік шыңдарды бағындыруды армандайды. Алайда, оқыс оқиға салдарынан зардап шеккен ол «мүгедек» деген таңба алып, қоғамнан шеттетіледі.
Алға қойған арманы былай тұрсын, қоғамда өзгелер қатарлы өмір сүруінің өзі қиындап, күнделікті өмірде кедергілерге тап болып жатады. Ал, ондай қиын сәтті жеңіп шығу әркімнің қолынан келе бермейді.
Десе де, біз «мүмкіндігі шектеулі», деп атайтын жандардың өмірге деген құштарлығы ерекше. Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабары мүмкіндігі шектеулі болса да, өз еңбегімен табыс көріп отырған жандар турасында әңгіме өрбітеді.