Алматыда «Менің Елім – Моя Страна» атты автомотошеруінің қатысушылары БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Менің Елім – Моя Страна» атты автомотошеруінің қатысушылары БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді

04.06.2015
Алматыда «Менің Елім – Моя Страна» атты автомотошеруінің қатысушылары БАҚ өкілдерімен кездесу өткізеді

5 маусым күні Алматы қаласында сағат 08:30 – 09:30 аралығында  «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысының белсенділері бастаған республикалық «Менің Елім – Моя Страна» атты автомотошеруінің БАҚ өкілдерімен ашық алаңда кездесуі өтеді.

Автомотошеру 29 мамыр күні «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы белсенділері мен «Wheels Brothers MC» Атырау мотоклубымен бірлесе Атырау қаласында басталды.

Көліктердің басты легі Атырау қаласынан шығып, жол бойында қосылған автомото қозғалысымен қызыға айналысатын спортшылармен толыға отыра, еліміздің қалаларын басып өтеді.

Жарысқа қатысушы автокөліктер мен мотоциклдарға, ілесіп жүретін машиналарға айрықша белгілер, жарыс таңбасы мен демеушілердің логотиптері бейнеленген жалаулар орнатылады.

Жобаға басқа аймақтардан қосылуға ниет білдірген мотоциклшілер негізгі лекпен танысып, кездесіп, әрі қарай оларға ілесуге мүмкіндік туады.

Ассамблея жылына орай ұйымдастырылып отырған «Менiң Елiм - Моя Страна» республикалық автомотожарысы жастардың арасында достық қарым-қатынас пен байланыс орнату және кездесулер арқылы көпэтносты еліміздің біртұтастық идеясын қолдауды көздейді.

Мотожарыс Қазақстанның 20-дан астам қаласы (Атырау, Орал, Ақтөбе, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Үшарал, Зайсан, Өскемен, Семей, Павлодар, Астана, Зеренді, Қостанай) мен елді мекенінде өтеді. Автомотожарыстың жолдағы жалпы уақыты 18 күн. Жалпы жүріп өтетін жолы 8500 шақырымды құрайды.

Хабарламаларға жазылу