Жандарбек Мәлібеков – ҚР Елтаңбасының авторы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Мәлібеков – ҚР Елтаңбасының авторы

04.06.2015
Жандарбек Мәлібеков – ҚР Елтаңбасының авторы

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Елтаңба нұсқасын жасауға байқау жарияланды. Байқауға ұсынылған 293 жобаның ішінен  Жандарбек Мәлібековтің жобасы қабылданды. Сәулетші өзге елде жүрсе де, еліндегі жағдайға көңілі елеңдеп, бей-жай қарай алмады. Негізгі мақсаты – байқауда жеңу емес, Елтаңба арқылы халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, жалпы, қазақи болмысын көрсету еді.

ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков 1959 жылы Ташкентке оқуға түседі. 1965 жылы оқуды тәмамдап, елге оралуды көздейді. Сол жылдардағы Кеңес үкіметі жүргізген солақай саясаттың салдарынан жат елде қалуға тура келеді. Алайда, сәулетші Отанына ораларына сенді.

Сенімі алдамай, 2001 жылы Астанаға көшті. Қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде ұстаздық етеді.

«Бұл – әлемде теңдесі жоқ, жаңа дәуірдің жаңа қаласы. Шетелдік қонақтар Астана адамға жаңа қуат беретінін айтады. Бұл қала – татулықты, достықты білдіретін қала болып қалыптасты»,-дейді Жандарбек Мәлібеков.

Архитектордың қолынан шыққан жобалар Астана қаласында да жетерлік. 2017 жылы өтетін халықаралық EXPO көрмесіне де сәулетшінің ұлттық нақыштағы жобалары енгізілген.

Ол «астаналық», деген атты арқалау – үлкен жауапкершілік, деп санайды.

«Ойлау деңгейің, жұмыс істеу қабілетің өзгеше болады. Себебі, Астана – қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы армандаған қаласы»,-дейді сәулетші.

Хабарламаларға жазылу