Бүгінгі анимацияның жай-күйі қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгінгі анимацияның жай-күйі қалай?

03.06.2015
Бүгінгі анимацияның жай-күйі қалай?

Қазақтың біртуар тұлғасы Әмен Қайдаров салған дара сүрлеу бүгін де жалғасуда. Қазақ анимациясы өткен ғасырдың ширегінде жасалған классикалық туындыларымен мақтана алады. Техника мен технологияның даму нәтижесінде бұл күні анимация саласы да өзгерді.

Әмен Қайдаровтың  шәкірттері   бүгінде Елордада анимация студиясын құрған. Айналасы бірнеше жылдың ішінде олар көптеген анимациялық туындыларды дүниеге әкеліпті. Бұған дейін олар «Қазақфильм» киностудиясымен бірігіп, көркем туындылар жасаған.

2D және 3D арқылы дайындалатын мультфильмдердің алдымен сызба нұсқасы жасалып, кейін арнайы бағдарлама арқылы монтаждалады. Жұмыс барысында бүгінгі заманға сай графика қолданылады.

«Кез келген әдеби сценарийден анимациялық фильм жасау үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең, орта кезең және соңғы кезең. Ал, біз төрт кезеңге бөлдік. Мұнда көркемдік шешім маңызды рөл атқарады. Яғни, негізгі басымдық  режиссер, қоюшы-суретші және сценаристке түседі»,-дейді режиссер-аниматор Жәнібек Нұрбекұлы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу