Алматыда Денис Теннің «Денис және оның достары: Сәлем, Алматы» атты шоуы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Денис Теннің «Денис және оның достары: Сәлем, Алматы» атты шоуы өтеді

01.06.2015
Алматыда Денис Теннің «Денис және оның достары: Сәлем, Алматы» атты шоуы өтеді

Мұзды шоуға Әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушылары қатыспақ. Олимпиада ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлері Татьяна Волосожар және Максим Траньков,  Джоани Рошетт, Әлем чемпионы мен жүлдегерлері Стефан Ламбьел. Сонымен қатар, Элладж Бальде, Мари-Пьер Лерай, Олександр Любченко мен Жан-Дени Санши қатыспақ.

Сондай-ақ, қытайлық Олимпиада чемпиондары Цин Пан мен Цзянь Тун, Әлем чемпионатының жүлдегерлері Джереми Эббот, Майя және Алекс Шибутани, Елена Радионова мен Пак Су Ен мұзды шоуға алғаш рет қатысады.

Мұзды шоу 20-21 маусым күндері Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Хабарламаларға жазылу