Облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық Ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Біз соққан достық үйі» атты 3D форматтағы анимациялық фильмнің тұсауы кесілді.
Анимациялық туындыны «Оңтүстік» ақпарат орталығында облыстық Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Б.Құрманғали, «Жебе» кинокомпаниясының президенті Керімбек Ниязбаев және облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов таныстырды.
«Отандық туынды халықаралық балаларды қорғау күніне орай жарыққа шығып, жергілікті телеарналардан көрсетілетін болады. Бірлік байрағын ту еткен елімізде жасөспірімдерді ұйымшылдыққа шақыратын бұл мультфильм балаларды Отанды сүюге, адамгершілік пен бауырмалдылыққа жетелейді»,- дейді Б.Құрманғали.