«Сенбілік таң» - сазгер Қанат Ибрагимовтың отбасында қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - сазгер Қанат Ибрагимовтың отбасында қонақта

29.05.2015
«Сенбілік таң» - сазгер Қанат Ибрагимовтың отбасында қонақта

Қанат Ибрагимов – қазақ ән әлемінде өзіндік орны бар өнер иелерінің бірі. Оның әндері «МузАРТ» ансамблі, «Нұрмұқасан», «Меломен» топтарының, Асқар Жүнісбеков және т.б.  әншілердің  орындауында тыңдармандарын тапқан.

Композитордың шоқтығы биік әндерінің бірі – Мұқағали Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Сенің көзің» әні. Ән осыдан 13 жыл бұрын «МузАРТ» тобының репертуарына еніп, халық арасына кең тарады.

Әннің шығу тарихы туралы композитор: «Ән 1989-1990 жылдары дүниеге келді. Алғашқы кезде бұл ән Мұқағали ақынның өлеңіне емес, өзімнің өлеңіме жазылған еді. Алайда, Мұқағалидің сөзімен де айтып жүрдім.

1993 жылы «Кеш жарық» бағдарламасында әнімді таныстырмақ болдым. Хабар тікелей эфирде өткен соң ба, халық алдында таныстырғанда, Мұқағалидің сөзімен айтып кеттім. 2001 жылы әнімді «МузАРТ» тобына ұсындым. Осылайша, «МузАРТ» әннің бағын ашты, «МузАРТ»-тың бағын осы ән ашты», - дейді.

Ертең  «Сенбілік таң» бағдарламасы 09:00-де сазгердің отбасымен сұхбат құрмақ.

Хабарламаларға жазылу