Мұхамеджан Тазабеков айтыскер ретінде ғана емес, ұлттық айтыс өнерін насихаттаушы және айтыскерлердің жаңа буынын тәрбиелеуші тұлға ретінде де төл өнерге қомақты үлес қосып келеді.
2005 жылдан бері республикалық деңгейдегі ондаған айтыстардың ұйымдастырушысы. Оның ішінде «Төртеу түгел болса», «Отанды сүю – иманнан», «Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы» және т.б. айтыстар бар.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жарық көрген «Жұмадағы жүздесу», «Ораза қабыл болсын», «Иман нұры» рухани-мәдени хабарларының, Қазақ радиосының эфиріне шыққан «Құбыла» жобасының авторы және жүргізушісі.
Әр жылдардағы айтыстары топтастырылған «Айтыстар», балаларға арналған «Иман бақшасы», «Қазақ радиосының рухани бұлағынан» атты публицистикалық жинақтардың авторы.
Қазақстан Жастар одағы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері бүгін «Түнгі студияда» қонақта.