Балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні Астанадағы «Қазақстан» концерт залында «Жұлдызай» фестивалінің гала-концерті өтеді. Концертке еліміздің өнер жұлдыздарымен қатар Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Диана Гурцкая қатысады деп күтілуде.
Өнерлі балаларды қолдау мақсатында өткізілетін «Жұлдызай» фестивалі он жылдың ішінде 36 мыңнан астам талантты жасөспірімді қамтыған.
Айта кетейік, биыл 6-20 сәуір аралығында фестивальдің іріктеу кезеңі өтті. Онда Қазақстанның 16 қаласынан 2000 астам бала өз өнерлерін ортаға салды. Жалпы, 300 бала іріктеу кезеңіне өтті.
Фестивальдің екінші кезеңі «Астана» ұлттық арт-галереясында ұйымдастырылды. Қазылар алқасы құрамында ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, эстрада жұлдыздары болды.
astana.gov.kz