![Астанада Балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік көмек көрсетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_49099.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 маусым - Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жетім балаларға 5 000 теңге көлемінде бірреттік әлеуметтік көмек көрсетеді, деп хабарлайды astana.kz.
Аталған әлеуметтік көмекпен 600-ге жуық адамды қамту жоспарлануда. «Дар» қоғамдық қоры аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешек түрінде материалдық көмек ұсынады.
Сонымен қатар, бірқатар мекемеде мерекелік іс-шаралар өткізілмек.
Атап айтсақ, Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы – баспанасы» КММ балалардың қатысуымен «Ертегі әлемінде» атты көрініс ұсынып, мерекелік концерт пен сайыстар ұйымдастырылады. Балаларға сыйлықтар таратылып, қаладағы ойын алаңдарына экскурсия жасалады.
Сондай-ақ, Астана қаласы әкімдігінің Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде балалардың қатысуымен мерекелік концерт өтіп, сыйлықтар таратылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Балаларды қорғау күні қарсаңында әлеуметтік көмек көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/98783/)