Аукцион 2015 жылғы 15 маусым сағат 11:00-де, Қазақстан Республикасы, СҚО, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 1, мекен-жайы бойынша СҚОФ «Қазақстан» РТРК» АҚ ғимаратының 1 қабаты, 21 кабинетінде өтеді.
Аукцион өткізу формасы және әдісі: Голланд әдісі.
Лот №1. Жалпы аумағы 228,9 шаршы метр болатын 1980 жылы салынған гараж. Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, СҚО, Петропавл қ., Брусиловский көшесі, 1 «В». Кадастрлік нөмірі 15:234:014:273:А. 0,0307 га іргелес жатқан жер учаскесі 06.12.2006 жылы №359 келісім бойынша жалға берілген. Учаскеде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ сервитут құқығы бар (жылу трассасы). Жер учаскесінің кадастрлік нөмірі 15:234:014:273. Меншік иесі және оның мекенжайы: «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ, ҚР, Астана қ., Қонаев к., 4.
Бастапқы бағасы: 20 949 415 (жиырма миллион тоғыз жүз қырық тоғыз мың төрт жүз он бес) теңге 20 тиын, ҚҚС қоса алғанда. Кепілдік жарна: 209 494 (екі жүз тоғыз мың төрт жүз тоқсан төрт) теңге.
Бір кепілдік жарна бір ғана лотты сатып алуға құқық береді.
Аукционды өткізу тәртібі және сауда-саттық жеңімпаздарын анықтау шарттары голланд әдісі бойынша жүргізіледі.
Бәссаудаға, белгіленген тәртіп бойынша тіркеуден өткен жеке тұлғалар және заңды тұлғалар қатыса алады.
Бәссаудаға қатысушы ретінде тіркелу үшін төмендегі құжаттарды өткізу қажет:
1. Ережеге сәйкес, форма бойынша саудаға қатысу туралы өтініш.
2. Жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе жеке тұлғаның жекебасын растайтын куәлігінің көшірмесі.
3. Кепілдік жарна салынғанын растайтын төлем құжаттарының тұпнұсқасы мен көшірмелері бәссауда өткізіліп болғаннан соң қатысушының өзіне қайтарылады.
4. Салық төлеуші жеке тұлға ретінде есепке алынғанын растайтын, салық органынан берілген құжаттың көшірмесі, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
5. Сонымен қатар, ағымдағы есеп-шотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының тұпнұсқасын тапсырады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып болғаннан соң, бір жұмыс сағаты ішінде жеке тұлғаға қайтарылады; заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігі, салық төлеуші заңды тұлға ретінде есепке алынғанын растайтын, салық органынан берілген құжаттың көшірмесі, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады, сонымен қатар, ағымдағы есеп-шотының бар екендігін растайтын банк анықтамасының тұпнұсқасын тапсырады. Құжаттардың тұпнұсқалары салыстырылып болғаннан соң, бір жұмыс сағаты ішінде заңды тұлғаға қайтарылады.
6. Заңды тұлға өкілінің құзыретін растайтын құжаттардың тұпнұсқалары, сондай-ақ, заңды тұлға өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куәлігінің көшірмелері салыстырылғаннан кейін қайтарылатын түпнұсқаларымен бірге ұсынылады немесе өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
Акционерлік қоғамдар, иелігіндегі акциялары туралы ақпараттар көрсетілген (хабарлама жарияланған кезге) акционерлер реестрінен үзінді тұпнұсқасын тапсырады.
Аукционға қатысу үшін өтініштер ақпараттық хабарлама таратылған сәттен бастап, Петропавл қаласы, Брусиловский көшесі, 1, мекен-жайы бойынша СҚОФ «Қазақстан» РТРК» АҚ ғимаратының 1 қабатында, №17 кабинетінде қабылданады және аукцион басталғанға дейінгі бір сағатта аяқталады.
Кепілдік жарна есеп-шотқа салынады: KZ298560000000425786, КБЕ 17, СТН KCJBKZKX, «Банк ЦентрКредит» АҚ, БСН 941240000311 (Кепілдік жарна өлшеміне банктік қызмет төлемдері жатпайды).
Аукцион бойынша қосымша ақпараттарды төмендегі телефон бойынша алуға болады: 8 (7152) 46-37-33.