«Астана Опера» театры «Алақай! Демалыс!» атты балалар абонементін енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театры «Алақай! Демалыс!» атты балалар абонементін енгізді

27.05.2015
«Астана Опера» театры «Алақай! Демалыс!» атты балалар абонементін енгізді

«Астана Опера» театры балалардың демалысын тиімді өткізу мақсатында қызықты бағдарлама әзірледі. Балалармен ойын негізінде құрылған концерттік бағдарлама, симфониялық ертегі және басқа да көптеген еліктірер шараларды театрдың шығармашылық ұжымы «Алақай! Демалыс!» атты балалар абонементіне енгізді.

Құны 1000 теңге тұратын «Алақай! Демалыс!» абонементін сатып алып, төрт концертке баруға болады. Егер көрермен тек бір концертті таңдаса, онда билет құны 500 теңгені құрайды.

Абонемент аясында ұсынылатын бағдарлама балаға симфониялық оркестрдің құрамы, құралы және оның шығу тарихы, сондай-ақ, вокалдық дауыс түрлері туралы толыққанды мағлұмат береді.  

 

Хабарламаларға жазылу