Астанада «Қазақстан ипотекалық компания» ИҰ» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша пәтер алуға құжаттар қабылдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Қазақстан ипотекалық компания» ИҰ» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша пәтер алуға құжаттар қабылдауда

27.05.2015
Астанада «Қазақстан ипотекалық компания» ИҰ» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша пәтер алуға құжаттар қабылдауда

Астана қаласында 2015 жылдың 25-29 мамыр (қоса алынады) аралығында --өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының «Қазақстандық ипотекалық компания» Ипотекалық ұйымы» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүргізілуді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«ҚИК» АҰ» АҚ-мен кейіннен сатып алумен жалға беруді іске асыру үшін 52 пәтер қарастырылған, оның ішінде:

23 – бір бөлмелі пәтер, ауданы 39,2-ден 42,1 ш.м. дейін;

25 - екі бөлмелі пәтер, ауданы 58,7-ден 69,5 ш.м. дейін;

4 – үш бөлмелі пәтер, ауданы 75,2-ден 79,1 ш.м. дейін.

Бағдарламаның бұл бағытына қатысу үшін төмендегі санаттар бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған тұлғалар қатыса алады:

  • көп балалы отбасылар,
  • толық емес отбасылар,
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар,
  • жетім –балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар,
  • оралмандар,
  • мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер,
  • арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, бюджеттік ұйым қызметкерлері.

Бағдарлама талаптарына сәйкес құжаттарды қабылдау тек e.astana.kz  веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасын (бұдан әрі - ЭСҚ) пайдаланумен жүргізіледі.

Порталдың жұмыс істеу уақыты – тәулік бойы.

Құжаттарды қабылдау 2015 жылғы 29 мамырда сағат 00:00 аяқталады.

Бағдарламаға қатысу талаптары, құжаттар тізбесі және өтініш беру бойынша нұсқаулық Тұрғын үй басқармасының www.uzh.kz. ресми сайтында жарияланған.

Хабарламаларға жазылу